
Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында 2-орын алды.
Отандасымыз +68 кг салмақтың финалында Германия спортшысы Йоханна Колено Книрмен күш сынасты. Тартысты өткен жекпе-жекте қарсылас басым түсті.
Осыған қарамастан Софья қазақ спорты тарихындағы ең табысты каратэ шеберінің бірі болып қала береді. Оның жетістіктері:
Жастар арасындағы Азия чемпионаты (2016 ж) -алтын
Жастар арасындағы әлем чемпионаты (2017 ж) -алтын
Азия чемпионаты (2019 ж) -күміс
Токио Олимпиадасы (2021 ж) -қола
Дүниежүзілік ойындар (2022 ж) -алтын
Ислам Ынтымақтастығы ойындары (2022 ж) -алтын
Жазғы Азия ойындары (2023 ж) -алтын
Азия чемпионаты (2025 ж) -алтын
Ересектер арасындағы әлем чемпионаты (2025 ж) -күміс
Қазақстан командасы Мысырдағы бәсекені 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтады. 27-ші әлем чемпионатында Ұлттық құрама сапында кумите бағдарламасында 8 спортшы (4 ер, 4 әйел) сынға түсті.