Алматай Жігер VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы
Алматай Жігер Қазақстанға VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін тарту етті. Джиу-джитсудан (77 кг) өткен шешуші кездесуде ол БАӘ-ден келген Махди Алаулакіні айқын басымдықпен жеңіп, жарыс чемпионы атанды.