
Токиода өтіп жатқан XXV-ші жазғы Сурдлимпиаданың екінші жарыс күні мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарыс басталғалы 10 медаль жеңіп алды: 5 алтын, 1 күміс және 4 қола.
Сурдо дзюдодан Хамза Ғұлама (-66 кг), Шадияр Қуандық (-73 кг), Еркебұлан Канафин (-81 кг) және Амина Файзулина (-70 кг) алтын медаль еншілесе, күміс медальді Айдарбек Тоқтарбек (-100 кг) алды, ал Сабиржан Хапизов (+100 кг), Алтынбек Кәкітаев (-60кг), Айым Жетпісбаева (-48 кг), Анна Карморова (-78 кг) жұбаныш белдесулердің қортындасы бойынша қола жүлдегер атанды.
Жеңіл атлетикадан Фаина Мейірманова биіктікке секіруден 1.79 м нәтижемен Сурдлимпиаданың рекордын жаңартып, чемпион атанды.
Сурдлимпиада 5-26 қараша аралығында өтеді. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплинада бақ сынауда.
Қазақстан ұлттық құрамасының 78 спортшысы 8 спорт түрі бойынша ел намысын қорғап жатыр.