Тұрар Дүйсехан - муай-тайдан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының чемпионы

Тұрар Дүйсехан - муай-тайдан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының чемпионы

Муай-тайдан Қазақстан құрамасының өкілі Тұрар Дүйсехан Ар-Риядта өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында үздік шықты.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшымыз финалдық жекпе-жекте Аяд Албадрмен (Ирак) кездесіп, қарсыласын 29:28 есебімен ұтты.

Бұған дейін Тұрар Дүйсехан 1/8 айналымда Сауд Арабиясының өкілі Албар Аламуданы, ширек финалда Адел Халилді (БАӘ), ал жартылай финалда әзірбайжандық Али Алиевті жеңген болатын.

Осылайша, Тұрар Қазақстан құрамасына Исламиаданың 11-ші алтын медалін алып келді. Біздің команда жалпы медаль саны бойынша үздік үштікті тұйықтап тұр.

Жеті жарыс күнінің қорытындысы бойынша медальдық есеп:

1. 🇹🇷 Түркия - 102 (58 алтын, 26 күміс, 18 қола)
2. 🇺🇿 Өзбекстан - 49 (15 алтын, 18 күміс, 16 қола)
3. 🇰🇿 Қазақстан - 36 (11 алтын, 12 күміс, 13 қола)
4. 🇮🇷 Иран - 38 (10 алтын, 11 күміс, 17 қола)
5. 🇪🇬 Мысыр - 29 (10 алтын, 7 күміс, 12 қола)
6. 🇳🇬 Нигерия - 14 (6 алтын, 5 күміс, 3 қола)
7. 🇦🇿 Әзірбайжан - 39 (5 алтын, 13 күміс, 21 қола)
8. 🇧🇭 Бахрейн - 12 (5 алтын, 3 күміс, 4 қола)
9. 🇸🇦 Сауд Арабиясы - 24 (5 алтын, 1 күміс, 18 қола)
10. 🇮🇩 Индонезия - 23 (4 алтын, 12 күміс, 7 қола)

Дүбірлі дода 21 қарашаға дейін жалғасады.