Қазақстан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында тағы бір жүлде алды

Қазақстан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында тағы бір жүлде алды

Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында дзюдодан 2-жарыс күнінің жүлдегерлері анықталып жатыр.

Отандасымыз Назгүл Маратова +78 кг дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Ол кіші финалда Ришель Анитадан (Камерун) бір бас жоғары болды.

Маратова күндіз ширек финалда Джаведи Сиварды (Тунис) ұтып, келесі айналымда Хилал Озтүрктен (Түркия) жеңілген.