
Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өткен 2025 жылғы WTA қорытынды турнирінің финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) жеңіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Матчтың есебі: 6-3, 7-6. Екінші сеттегі тай-брейкте отандасымыз барлық ұпайды еншілеп, матчты сенімді жеңіспен аяқтады.
Осы жеңістің арқасында Рыбакина рейтингте 1500 ұпайға ие болды. Бұл жетістік - Қазақстан теннисі тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, 1972 жылдан бері өтіп келе жатқан турнирде бірде-бір азиялық теннисші чемпион атанбаған. Сондай-ақ, Елена Рыбакина - биылғы маусымда алғашқы ондықтағы қарсыластарын ең көп жеңген теннисші. Ол қатарынан 7 матчта жеңіске жетіп отыр.
Осылайша, Рыбакинаның жекелей санаттағы жүлде саны 11-ге жетті. Олардың қатарында WTA 1000 турнирлері мен Уимблдондағы тарихи жеңісі бар.
Фото: Ktf.kz