Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында дзюдошымыз Ержан Еренқайыпов 2-орын алды.
Ерлер арасында 66 кг дейінгі салмақтың финалында Еренқайыпов Замухшори Бекмуродовпен (Өзбекстан) күш сынасып, қарсыласына жол берді.
Ержан бүгін 1/8 айналымда Исмаил Әл-хасанды (Нигерия), ширек финалда Руслан Пашаевты (Әзірбайжан), жартылай финалда Нармандах Маянбухты (БАӘ) қапы қалдырған.
Өкінішке қарай, Толғанай Әбеуова (-52 кг) қола медаль үшін белдесуде Сумия Иуаракиден (Марокко) жеңіліп қалды.