
Қазақстандық дзюдошы Бекәлі Еркен Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол Ауғанстан спортшысы А. Кадириді айқын басымдықпен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.