
Қазақстандық дзюдошы Аслан Ерғалиев Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол өзбекстандық А. Сатторовпен кездесіп, тартысты белдесуде қарсыласына жол берді.
Фото: Арлан ОЛЖАБАЙ