Абдулла Батырбек алтын жүлдегер атанды

Абдулла Батырбек алтын жүлдегер атанды

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының спортшысы Абдулла Батырбек Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жүлдегер атанды!

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі С.Алкубаисимен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Фото: Сали САБИРОВ