
Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде ерлер мен әйелдер арасындағы көпкүндік топтық жарыс бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Жарыстың басты оқиғаларының бірі – «Astana Open Series» халықаралық кезеңі. Бұл додада Грекия, Аргентина, Үндістан, Армения, Өзбекстан және Қазақстан спортшылары бақ сынайды.
Келесі күндері велошабандоздарды тартысты бәсеке, жоғары жылдамдық пен нағыз шеберлікті қажет ететін күрес күтіп тұр.
Чемпионат аясында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында омниум және мэдисон дисциплиналарында республикалық жарыстар да өтуде.
Фото: ticketon.kz