
Біздің спортшы қыздар Малайзиядан оралды, онда олар Халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының (IFAGG) қолдауымен өткен халықаралық MAGGA CUP турниріне қатысқан болатын.
Жарысқа 9 елден 389 спортшыдан құралған 59 команда қатысты.
Қазақстан намысын Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барған 11 команда қорғады – олар жоғары дайындық деңгейін және керемет нәтижелер көрсетті.
📌Ұзын бағдарлама
🔺Жасөспірімдер (14–16 жас) – 3-орын, Alem командасы, Шымкент қаласы
🔺12–14 жастағы балалар – 3-орын, Samruk Pre Junior командасы, Астана қаласы
🔺10–12 жастағы балалар – 2-орын, Blossom, Алматы қаласы, 3-орын, Future командасы, Алматы қаласы
📌Қысқа бағдарлама
🔺10–12 жастағы балалар – 1-орын, Symphony командасы, Алматы қаласы
🔺8–10 жастағы балалар – 1-орын, Fenix командасы, Астана қаласы
Алда — қараша айында Болгарияда өтетін Әлем чемпионаты.