Ксения Прозорова Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті

Ксения Прозорова Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті.

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол екі күміс медаль жеңіп алды — серпе көтеруде (108 кг) және жұлқа көтеруде (94 кг), осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына жаңа жүлде қосты.

Фото: Сали САБИРОВ