Шымкентте асық атудан екінші республикалық турнир өтт

Шымкентте асық атудан екінші республикалық турнир өтт

Шымкент қаласында көне ұлттық спорт түрлерінің бірі — асық атудан Respublica Asyq Atu атты екінші республикалық турнирдің финалы өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 40 үздік ойыншы қатысты.

Турнир спортшыларды, көрермендерді және құрметті қонақтардың басын қосып, ұлттық рухтың нағыз мерекесіне айналды. Финалдық ойындармен қатар іс-шара аясында концерттік бағдарлама мен асық ату және өзге де спорт түрлерінен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, жарысты тамашалауға мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары келді.

🔺Жарыс нәтижесі:
1 орын — Құлыбек Ғарышбек (Ақтөбе облысы),
2 орын — Әбілхан Талғар (Түркістан облысы),
3 орын — Сламқұл Бақдәулет (Батыс Қазақстан облысы).

Турнир жеңімпазы автокөлікке ие болса, жүлдегерлерге ақшалай сыйақы табысталды.

Финалдың Шымкентте өтуі де кездейсоқ емес. Былтыр оңтүстік өкілдері ерекше нәтижелер көрсеткен болатын. Бұл турнир Шымкенттің асық ату спортының дамуының орталығы екенін дәлелдеп, ұлттық спорт түрлерінің ұрпақтарды біріктіріп, Қазақстанның мәдени мұрасын нығайта түсетінін көрсетті.

Айта кетейік, “Дене шынықтыру және спорт туралы” заңның жаңа редакциясы аясында 11 ұлттық спорт түрі басым бағыт ретінде айқындалған.