
Қазақстандық спортшы Жайдар Мұқат Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль иеленді.
Әйелдер күресі бойынша 61 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Жайдар Мұқат Үндістан өкілі Юшита Юшитамен белдесті. Тартысты өткен кездесудің қорытындысы бойынша жеңіс қарсыласына бұйырды, ал қазақстандық палуан ел қоржынына күміс медаль салды.
Фото: Арлан ОЛЖАБАЙ