Қазақстанның жағажай волейболы құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен III жасөспірімдер Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады

Қазақстанның жағажай волейболы құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен III жасөспірімдер Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады

Қазақстандық спортшылар ел қоржынына бір алтын және бір қола медаль салды.
«Алтын» — ерлер командасына тиесілі. Олар финалда Тайланд құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, басымдық танытты. Команда құрамында Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш ерекше көзге түсті.

«Қола» — әйелдер командасына бұйырды. Олар үшінші орын үшін өткен матчта Малайзия құрамасын 2:1 (19:21, 22:20, 15:12) есебімен жеңді. Команда сапында Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет өнер көрсетті.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасының еншісінде қазір 42 медаль бар: 11 алтын, 10 күміс және 21 қола.