
Тас жол велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Валерия Кузнецова Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль иегері атанды!
66,4 км қашықтықтағы топтық жарыста Валерия мәреге екінші болып келіп, Қазақстан құрамасының қоржынына оныншы күміс медальді салды.
Жалпы ел құрамасының еншісінде - 41 медаль: 11 алтын, 10 күміс және 20 қола.
Фото: Сали САБИРОВ