
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстанның жағажай волейболы бойынша қыздар құрамасы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет Малайзия командасымен кездесіп, қарсыластарын 2:1 (19:21, 22:20, 15:12) есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік, 26 қазанда ерлер құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын медалі үшін сынға түседі.