Альбина Жуминова алтын жүлдені ел қоржынына салды

Альбина Жуминова алтын жүлдені ел қоржынына салды

Муайтайдан Қазақстан құрамасының өкілі Альбина Жуминова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жүлдені ел қоржынына салды.

Альбина ақтық сында камбоджалық Ом Шрейпенхпен өзара мықтыны анықтап, тартысты жекпе-жекте 27:30 есебімен жеңіске жетті.

Фото: Арлан ОЛЖАБАЙ