Аида Ақылбекова 3000 метрге жүгіру сайысында қола медаль иегері атанды

Аида Ақылбекова 3000 метрге жүгіру сайысында қола медаль иегері атанды

Қазақстандық жеңіл атлет Аида Ақылбекова Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 3000 метрге жүгіру сайысында қола медаль иегері атанды!

Финалдық жарыста спортшы 10 минут 45,21 секунд нәтижесін көрсетіп, құрлықтың ең үздік үштігіне енді.

Фото: Сали САБИРОВ