Семсерлесуден жігіттеріміз алғаш рет U23 санатындағы Азия чемпионатында топ жарды

Семсерлесуден жігіттеріміз алғаш рет U23 санатындағы Азия чемпионатында топ жарды

Семсерлесуден 22-26 қазан аралығында Куала-Лумпурде (Малайзия) өткен U23 санатындағы Азия чемпионаты сәтті аяқталды.

Қылыш бағдарламасы бойынша командалық сында Қазақстан құрамасы сапынан Нұрмұхаммед Жайлыбай, Бексұлтан Әбжал, Сұлтан Станбек, Қайназар Нұрқатұлы сайысқа түсіп, алғаш рет үздік шықты.

Жігіттеріміз финалдық бәсекеде Гонконгпен кездесіп, тартысқа толы сайыста 45:44 есебімен жеңіп кетті.

Жалпы жарыс барысында 29 отандасымыз бақтарын сынап, 1 алтын, 2 күміс, 7 қола медальді еншіледі.