
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин Бахрейнде өткен III жасөспірімдер Азия ойындарында аралас жекпе-жек (ММА) бойынша жүлдегер атанған қазақстандық спортшылармен кездесті. Кездесуге Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов та қатысты.
Комитет төрағасы жас спортшылар мен олардың бапкерлеріне жемісті өнер көрсеткендері үшін алғыс білдірді:
«Сіздердің жеңістеріңіз – Қазақстанда жаңа буын талантты спортшылардың өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бүгін сіздер болашақ спортшылар үшін жоғары жетістектерге жол бастап отырсыздар!», – деді Руслан Есеналин.
Кездесу соңында төраға спортшыларға естелік сыйлықтар табыстап, қатысушыларға сәттілік тіледі.