
Семей қаласындағы Қазақстан чемпионатының ширек финалы мәресіне жетті.
1️⃣15 жылдан кейін жүлдесіз қалған Теміртас Жүсіпов
8 дүркін Қазақстан чемпионы Теміртас Жүсіпов 1/4 финалда Нұрсұлтан Нуриденовтен (БҚО) өте алмады. Тарихқа көз жүгіртсек, Теміртас бұған дейін 2010 жылы дәл осы ширек финалда Ілияс Сүлейменовке жол беріп, жарыстан шығып еді.
2️⃣80 келідегі сенсация
Ширек финалда көпшіліктің асыға күткен Санжар-Али Бегалиев пен Нұрқанат Райыстың айқасы небәрі 1 минутқа ғана жалғасты. Жастар арасында әлем чемпионы Санжар-Али ауыр соққысымен Нұрқанатты нокаутқа жіберді.
3️⃣Жастардың жартылай финалға шығуы
Жастар арасында әлем чемпионатының бірнеше жүлдегерлері ұлттық құраманың тізіміне кірді. Назарларыңызға 20 жасқа дейінгі боксшыларды ұсынамыз:
Нұрзат Оңғаров (20 жас, 50 келі), Бексұлтан Боранбек (19 жас, 55 келі), Илья Калинин (20 жас, 65 келі), Нұрбек Мурсал (20 жас, 70 келі), Санжар-Али Бегалиев (20 жас, 80 келі), Дәулет Төлемісов (19 жас, 85 келі), Аслан Еділбайұлы (19 жас, +90 келі)
4️⃣22 жасқа дейінгі құрамның жүлдесіз қалуы
2025 жылдың басында елімізде алғаш рет 22 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылған еді. Сол кездегі финалға шыққан боксшылардың арасынан тек Әбдіғалым Әбдікерім (65 келі, Қостанай обл) ғана жартылай финалға өтті. Өкінішке қарай, Диас Берікбай (50 келі), Нұрислам Қалдыбаев (60 келі), Тілеуберді Сүлеймени (50 келі), Кенже Мұратұлы (55 келі), Ағажан Қадыр (70 келі), Ислам Битаев (80 келі), Азатбек Жолдасхан (92 келі) ширек финалдан аса алмады.
5️⃣Күтпеген жеңілістер
Токио Олимпиадасынан кейін қайта әуесқой боксқа оралған Әбілхан Аманқұл (85 келі), Темірлан Мұқатаев (90 келі) жүлдеге бір қадам жетпей, тоқтады.
6️⃣Жаңа салмақтағы жетістік
70 келіге көтерілген Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіске жетті. Сәкен Бибосыновқа (55 келі) да әзірше лайықты қарсылас табылмай тұр.