Вьетнамның Хайфон қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті.
🥈2000 метрге әйелдер арасында жеңіл салмақтағы 4 спортшы. Команда құрамы - Роза Кеңес, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Ирина Чудина.
🥉2000 метрге ерлер арасында жеңіл салмақтағы спортшылар - Артём Матусевич.
Айта кетейік, ертең, 19 қазанда тағы финалдар өтеді. Биыл құрлықтағы 18 елден жиналған 232 ескек есу шебері жүлдеге таласып жатыр.
Былтыр Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан 2 күміс, 7 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 7-орыннан көрінген.