Корея Республикасының Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогі өтеді

Корея Республикасының Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогі өтеді

2025 жылғы 31 қазан мен 4 қараша аралығында Корея Республикасының Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогі өтеді.

Аталған халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараға дайындық шеңберінде 2025 жылғы 10–23 қазан аралығында Алматы облысының аумағында ұлттық құраманың қатысуымен оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылуда. Жиынға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының 17 спортшысы тартылған.

Оқу-жаттығу жиынының ұйымдастырушысы – Sadaq Aty Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы, Іс-шараның бас серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры.