88 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Рахметжан Хамаев әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды. Үш тәсілдің қосынды бойынша қазақстандық пара спортшы 592 кг бағындырды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 17 қазанға дейін жалғасады. Алдағы уақытта ұлттық құраманың 11 пара спортшысы ел намысын қорғайтын болады.