Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтуде. Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орын үшін Таиланд командасымен кездесті.
Тартысты өткен ойынның негізгі уақыты 6:6 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз команда кездесу соңындағы пенальти сериясында анықталды. Бұл сында аруларамыз қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсті. Қорытынды есеп – 9:8, яғни Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.
Осылайша, отандастарымыз Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.