Досбол Шәміл - lll ТМД елдері ойындарының чемпионы!

Досбол Шәміл - lll ТМД елдері ойындарының чемпионы!

Біздің палуандар Әзірбайжанның Гянджа қаласында өтіп жатқан lll ТМД елдері ойындарын алтын медальмен аяқтады.

Бүгін грек-рим күресінен 65 кг дейінгі салмақта Досбол Шәміл алтыннан алқа тақты. Отандасымыз барлығы 3 белдесу өткізіп, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.

Осыған дейін бозкілем шеберлері Гянджада 2 жүлде алған. Олар:
🥈Еркін күрес: Риза Изахар (110 кг) - күміс
🥉Әйелдер күресі: Нұрайым Саяхмет (65 кг) - қола