Қазақстандық спортшылар Үндістандағы Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Үндістандағы Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Бүгін Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Сондай-ақ командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды.

🥇🇰🇿 Қазақстан — 190.1663
🥈🇹🇭 Таиланд — 154.5151
🥉🇺🇿 Өзбекстан — 141.1051

Бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова және Виктор Друзин қорғады.

Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша Қазақстан көркем жүзуден жалпы 11 медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, жеті алтын, екі күміс және екі қола. Осылайша, біздің спортшылар Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленді.

🇰🇿 Қазақстан - 7🥇, 2🥈, 3🥉

🇹🇭 Таиланд  - 2🥇, 3🥈, 2🥉

🇺🇿 Өзбекстан  - 2🥇, 1 🥈, 5🥉