«Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындары аяқталды

«Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындары аяқталды

4 қазан күні Астанада еліміздің барлық өңірінен келген ерекше білім беру қажеттіліктері бар 500 жас спортшыны біріктірген «Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындарының жабылу салтанаты өтті.

🏆 Қызу бәсекенің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте орындар келесідей бөлінді:
🥇 1-орын – Алматы қаласының құрама командасы
🥈 2-орын – Астана қаласының құрама командасы
🥉 3-орын – Қарағанды облысының құрама командасы

🎖 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттарға ие болып, барлық қатысушыларға қатысушы дипломдары табысталды.