Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен 11-ші Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың алғашқы күні жүзуден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды:

🥈Максим Сказобцов – 100 м баттерфляй, 52.66
🥈София Әбубәкірова – 50 м шалқалай жүзу, 28.90
🥉Софья Сподаренко – 100 м баттерфляй, 1:01.14

Бүгін сондай-ақ суға секіруден финалдық сайыстар өтті. Өкінішке қарай, бұл бағдарламада қазақстандық спортшылар жүлдеге қол жеткізе алмады.

Жекелей сын, биіктігі 1 метр трамплин:
Назар Қожанов – 6-орын, 276.50 ұпай
Эмиль Қасымов – 18-орын, 219.40 ұпай

Синхронды секіру, биіктігі 3 метр трамплин:
Кирилл Новиков / Назар Қожанов – 9-орын, 242.94 ұпай