Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды. Ерлер құрамасын Астана қаласындағы халықаралық әуежайдан, ал әйелдер құрамасын Алматы қаласыннан жанкүйерлер, спортшылардың ата-аналары, туыстары мен достары ерекше ықыласпен қарсы алды.
Айта кетейік, аталған жаһандық додада Қазақстан құрамасы керемет нәтижеге қол жеткізді. Отандастарымыз 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үздіктер қатарынан көрінді.