Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы есепте топ жарды

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы есепте топ жарды

Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында алғаш рет ерлер мен әйелдердің бәсекесі мәресіне жетті.

Елімізден жүлде алғандар:

🥇50 келі. Санжар Тәшкенбай (22 жас)
🥇55 келі. Махмұд Сабырхан (24 жас)
🥇🆕70 келі. Төрехан Сабырхан (19 жас)
🥇🆕+90 келі. Айбек Оралбай (25 жас)
🥇51 келі. Алуа Балқыбекова (28 жас)
🥇65 келі. Аида Әбікеева (27 жас)
🥇🆕70 келі. Наталья Богданова (26 жас)
🥈48 келі. Назым Қызайбай (32 жас)
🥉60 келі. Виктория Графеева (24 жас)
🥉+80 келі. Елдана Талипова (23 жас)

Ерлеріміз Лос-Анджелес бағдарламасына кіретін 7 салмақтың үшеуінде (55, 70, +90 келі) және аруларымыз үш салмақта (51, 65, 70 келі) алтын жүлде еншіледі.

Қандай ерекшеліктер тіркелді?

Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева бір жылдың ішінде 2 мәрте әлем чемпионы атанды.

Ағайынды Махмұд пен Махмұд Сабырхан бір мезетте әлем чмепионы атанды.

Егіз Айбек пен Нұрбек Оралбайдың енді әлем чемпионы деген атағы бар.

Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында 32 жекпе-жек (14-Азия, 14-Еуропа, 3-Америка, 1 - Африка) өткізіп, оның 26-ында жеңіске жетті.

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында 30 жекпе-жек (11-Азия, 15-Еуропа, 1-Америка, 3-Океания) өткізіп, оның 23-інде жеңіске жетті.

Жалпы медаль кестесі:

1️⃣Қазақстан - 🥇7 алтын, 🥈1 күміс,🥉2 қола
2️⃣Өзбекстан - 🥇6🥈2🥉3
3️⃣Үндістан - 🥇2 🥈1 🥉1
Бразилия -🥇1 🥈3
Польша - 🥇1 🥈2
Аустралия -🥇1 🥈1🥉1
Ирландия -🥇1 🥉2
Тайпей -🥇1 🥉1
Англия -🥈2🥉3
Түркия -🥈2 🥉1
Жапония -🥈1🥉2
Болгария -🥈1 🥉1
Моңғолия -🥈1 🥉1
Испания -🥈1 🥉1
Франция - 🥈1
АҚШ - 🥈1
Қытай - 🥉5
Куба - 🥉3
Әзірбайжан - 🥉2
Аустрия -🥉1
Канада -🥉1
Колумбия -🥉1
Хорватия -🥉1
Грузия -🥉1
Мажарстан -🥉1
Италия -🥉1
Иордания -🥉1
Оңтүстік Корея -🥉1
Украина -🥉1
Венесуэла -🥉1