Айбек Оралбай әлем чемпионатының финалында жеңісті жұлып алды

Айбек Оралбай әлем чемпионатының финалында жеңісті жұлып алды

Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер мәресіне жетті.

+90 келіде сынға түскен Айбек Оралбай осы салмақтағы басты бәсекелесі Жахонгир Зокировпен бір жылдың ішінде үшінші мәрте жолықты. Өте шиеленісті өткен айқаста Айбек шешуші раундта белсенді қимылдап, жекпе-жектің тағдырын өзгертіп жіберді. Қорытынды есеп: 3:2.

Айбек Оралбайдың жарыстағы жолы:

✅1/8 финал. 🇹🇷Мучахит Ильяс - 5:0
✅1/4 финал. 🇭🇷Лука Пратижачич - 5:0
✅1/2 финал. 🇨🇺Хулио Сесар Ла Крус - 3:2

Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдесі кімге бұйырған?

🥈1999 жыл. Мұхтархан Ділдәбеков
🥉2011 жыл. Иван Дычко
🥈2013 жыл. Иван Дычко
🥈2015 жыл. Иван Дычко
🥈2017 жыл. Қамшыбек Қоңқабаев
🥈2019 жыл. Қамшыбек Қоңқабаев