Әйелдер құрамасы әлем чемпионатында үздік атанды

Әйелдер құрамасы әлем чемпионатында үздік атанды

Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында алғаш рет ерлер мен әйелдердің бәсекесі бірге өткізілді. Осы орайда арулардың сайысын жеке ұсынуды жөн көрдік.

Елімізден жүлде алғандар: 

🥇51 келі. Алуа Балқыбекова (28 жас)

🥇65 келі. Аида Әбікеева (27 жас)

🥇🆕70 келі. Наталья Богданова (26 жас)

🥈48 келі. Назым Қызайбай (32 жас)

🥉60 келі. Виктория Графеева (24 жас)

🥉+80 келі. Елдана Талипова (23 жас)

Қазақстан арулары Лос-Анджелес бағдарламасына кіретін 7 салмақтың үшеуінде (51, 65, 70 келі) топ жарды.

Қандай ерекшеліктер тіркелді?

⁃Франция, Доминикан Республикасы, Нигерия, Фиджи, Филиппин елдерінің арулары генетикалық тестті кешіктіріп тапсырғаны үшін, әлем чемпионатына жіберілмеді.

⁃Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева бір жылдың ішінде 2 мәрте әлем чемпионы атанды.

⁃Наталья Богданова 70 келіде алғаш рет ел тарихында алтын медальді еншіледі.

⁃Назым Қызайбайдың туған күні әлем чемпионатының финалына тұспа-тұс келді.

⁃Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихындағы үшінші үздік нәтижесін тіркеді.

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында 30 жекпе-жек (11-Азия, 15-Еуропа, 1-Америка, 3-Океания) өткізіп, оның 23-інде жеңіске жетті. 

Әйелдердің жалпы жүлде кестесі

Қазақстан -🥇3 🥈1🥉2

Үндістан - 🥇2 🥈1 🥉1

Польша - 🥇1 🥈2

Аустралия - 🥇1🥈1🥉1

Тайпей -🥇1 🥉1

Бразилия -🥇1

Ирландия -🥇1 🥉1

Түркия -🥈2 🥉1

Өзбекстан - 🥈1🥉3

Англия - 🥈1🥉1

АҚШ -🥈1

Қытай -🥉3

Моңғолия -🥉1

Италия -🥉1

Оңтүстік Корея -🥉1

Колумбия -🥉1

Венесуэла -🥉1

Канада -🥉1