Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы 2 жүлдемен толықты.
Жасөспірімдер арасында 50 метрден жатып оқ атуда отандасымыз Олег Носков жеңімпаз атанды.
Жекелей сынның жүлдегерлері:
1. Олег Носков (Қазақстан) - 624.1 ұпай
2. Эрхембаяр Батбаяр (Моңғолия) - 622.6 ұпай
3. Ким Тэгён (Оңтүстік Корея) - 618.3 ұпай
Ал командалық сайыста Қазақстан құрамасы 2-орыннан көрінді. Біздің жүлде алған мергендер - Олег Носков, Дмитрий Ким, Ринат Казаченко.
Командалар нәтижесі:
1. Үндістан құрамасы - 1844.3 ұпай
2. Қазақстан - 1843.4 ұпай
3. Оңтүстік Корея - 1840 ұпай.