Грек-рим күресінен U20 Әлем чемпионаты аяқталды: қорытынды нәтиже қандай?

Грек-рим күресінен U20 Әлем чемпионаты аяқталды: қорытынды нәтиже қандай?

Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Байрақты бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Айта кетсек, 82 келідегі Диас Сайтқалиев Әлем біріншілігінің күмісіне ие болса, 87 келідегі Темірлан Тұрдақын мен 72 келідегі Юсуф Ашрапов, 55 келідегі Арсен Жұма қола жүлдеден еншіледі.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Айдын Сарсекеев, Саясат Шаңғытбаев .