Тұрдақын Темірлан - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Тұрдақын Темірлан - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен U20 Әлем чемпионаты өтуде.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Тұрдақын Темірлан 87 кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Айдын Сарсекеев, Саясат Шаңғытбаев.