Болгарияның Самоков қаласында еркін күрестен U20 Әлем чемпионаты өтуде.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Қасымбек Едіге 125 кг салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медаль иегері атанды!
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Байгулов Аслан - аға жаттықтырушы, Кешубаев Еркебұлан - жаттықтырушы.