7-17 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік ойындар отандастарымыз үшін аяқталды. Төрт жылда бір мәрте өтетін халықаралық додада Қазақстан құрамасы сегіз спорттың түрінен сынға түсіп, жүлде саны мен сапасы жағынан (2 алтын, 5 күміс, 3 қола) өз тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті.
Дүниежүзілік ойындарда ел намысын ең көп 31 спортшы қорғады.
🥇🥋Жәнібек Әбу-Бәкір (джиу-джитсу)
🥇🤼♀️Ұлбосын Әділова (самбо)
🥈🥋Мөлдір Жаңбырбай (WKF каратэ)
🥈🥋Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (джиу-джитсу)
🥈🤼♂️Маратбек Рахметоллин (самбо)
🥈🤼♂️Самбодан ерлер құрамасы (Төлеухан Ниетхан, Бақытжан Дүйсембеков, Маратбек Рахметоллин, Тәңірберген Тергеубеков)
🥈🤼♂️Самбодан әйелдер құрамасы (Аружан Кенесары, Ұлбосын Әділова, Құралай Қабрайқызы, Маржан Бизақ, Айнұр Ақжігітова)
🥉🥋Аслан Қанатбек (джиу-джитсу)
🥉🥋Сейілхан Болатбек (джиу-джитсу)
🥉🧗Ришат Хайбуллин (спорттық құзға өрмелеу)
Қандай жайттар тіркелді?
⁃ Жауынгерлік самбо 1993 жылдан кейін Дүниежүзілік ойындардың бағдарламасына қайта енгізіліп, нәтижесінде отандастарымыз 1 алтын, 3 күміс медаль иеленді.
⁃ Джиу-джитсудан спортшыларымыз өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді. 1993 жылдан бері осы спорт түрінен тек 2 қола жүлде ғана болса, осы жолы жігіттеріміз 1 алтын, 1 күміс, 2 қола еншіледі.
⁃ Спорттық құзға өрмелеуден ел тарихындағы бірінші қола медальды Ришат Хайбуллин алды.
⁃ XII Дүниежүзілік ойындарына қатысқан отандастарымыз алғаш рет өз мансаптарында жүлдеге ие болды.
Бұған дейінгі көрсеткіштеріміз:
🇳🇱1993 жыл. 🥇1 алтын,🥈1 күміс,🥉1 қола
🇫🇮1997 жыл. 🥇1 алтын,🥉1 қола
🇯🇵2001 жыл. 🥇1 алтын
🇩🇪2005 жыл. 🥈1 күміс,🥉1 қола
🇹🇼2009 жыл. 🥇1 алтын,🥉1 қола
🇨🇴2013 жыл. Жүлде болмады
🇵🇱2017 жыл. 🥇1 алтын,🥉2 қола
🇺🇸2022 жыл. 🥇1 алтын,🥈2 күміс,🥉1 қола
Естеріңізге сала кетейік, Чэндуде әлемнің 114 елінен келген 3 962 атлет 34 спорт түрінен 256 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.
Дүниежүзілік ойындар 1981 жылдан бастап әр 4 жылда бір рет, Олимпия ойындарынан кейінгі жылы ұйымдастырылады. Бұл жерде көп жағдайда Олимпиада бағдарламасына кірмейтін спорт түрлерін қамтиды.