Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен Cranberry Cup International 2025 Челленджер сериясында Софья Самоделкина күміс жүлдеге ие болды.
2026 жылғы қысқы Олимпиаданың лицензия иегері - Софья Самоделкина жаңа маусымға деген тыңғылықты дайындығын көрсетіп, қысқа және еркін жаттығуда да рекордтарын одан әрі жақсартты.
Қорытынды нәтиже:
🥇🇺🇸Изабо Левито (2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) - 207,61 ұпай (70,69+136,92)
🥈🇰🇿Софья Самоделкина - 203,15 ұпай (65,80+137,35)
🥉🇰🇷Жиа Шин - 179,97 ұпай (62,12+117,85)
7-10 тамыз аралығында жалғасқан бәсекеде 20 елден 99 спортшы қатысты.
Айта кетейік, Cranberry Cup бәсекесі 2021 жылдан бері өткізіліп келеді және бұл Қазақстан тарихындағы бірінші жүлде ретінде тіркелді.