Қытайдың Чэнду қаласындағы XII Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан кезекті жүлде түсті.
Ерлер арасында 77 кг салмақтағы Нұрсұлтан Дүйсенқұлов финалдағы тартысты бәсекеде Дания спортшысы Лукас Андерсенге 11:15 есебімен жол берді.
Отандасымыздың жарыстағы жолы:
Лукас Андерсен - 16:12
Йоро Янник Ефрем Зоузоуа - 15:17
Жартылай финал: Перси Кунса - 27:18
Осыған дейін джиу-джитсудан 69 келіде Жәнібек Әбу-Бәкір чемпион атанса, 62 келідегі Аслан Қанатбек қола жүлде алған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі