Мөлдір Жаңбырбай - XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері

Мөлдір Жаңбырбай - XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері

Қытайдың Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратеден бірінші жарыс күні қоржынымызға алғашқы күміс медаль түсті.

Ең жеңіл 50 келі салмақта әлем чемпионы саналатын Мөлдір Жаңбырбай 4 жылда бір мәрте өтетін айтулы доданың финалына дейін жете алды.

Жерлесіміз финалда Иран спортшысы Сара Бахманиермен жолықты. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталғанымен, төрешілер нәтижелі әрекеті үшін, жеңісті қарсыласқа берді.

Жарыс жолындағы қарсыластары:

✅Силия Уикен (21 жасқа дейінгі әлем чемпионы) - 4:0
✅Йоргелис Салазар (2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері) - 3:0
❌Жунхуй Ванг - 0:1

1/2 финал.
✅Ема Сгарделли (2 дүркін Еуропа чемпионы) - 3:2

Бұл Дүниежүзілік ойындары бойынша Қазақстан тарихындағы небәрі екінші медаль. Бұған 2022 жылы АҚШ-тың Алабама штатының Бирмингем қаласында Софья Берульцева топ жарған еді.

Енді ертең жарыс жолына Софья Берульцева (+68 келі), Әсел Қанай (61 келі), Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) шығады.