Грекия астанасы Афина қаласында әйелдер күресінен U17 Әлем чемпионаты өтуде.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Інжу Баққожа 43 кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды!
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Садыбеков Арман - аға жаттықтырушы, Нұрғожа Даулет - жаттықтырушы.