Грекия астанасы Афины қаласында грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Байрақты бәсекені «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары үздік нәтижемен аяқтап, 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальды ел қоржынына салды.
🥇Алтын медаль иегері:
Қуанышбек Жаңажол (45 кг)
🥈Күміс медаль иегерлері:
Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг)
Нұрәли Асқар (55 кг)
🥉Қола медаль иегері:
Досбол Шамил (65 кг)
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға табан тіреді.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Асхат Жаңбыров - аға жаттықтырушы, Жарқын Тұрсынов - жаттықтырушы.