Нұрдәулет Құмарұлы - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Нұрдәулет Құмарұлы - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Грекия астанасы Афина қаласында грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионаты өтуде.

Байрақты бәсекенің екінші күнінде, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Нұрдәулет Құмарұлы 48 кг салмақ дәрежесінде күресіп,  күміс медаль иегері атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Жаңбыров Асхат - аға жаттықтырушы, Тұрсынов Жарқын - жаттықтырушы.