Astana Target club спорттық кешенінде стенд атудан VI Жастар ойындары ұйымдастырылып жатыр.
4 жылда бір мәрте өтетін айтулы бәсекеге 7 өңірден 150-ге жуық жас спортшы бас қосты. Бәсеке барысында қатысушылар скит және трап сайыс түрінде сынға түседі.
27 шілдеге дейін жалғасатын жарыста VI Жастар ойындарынан бөлек, Қазақстан кубогының III кезеңі де өтеді.