Әртістік жүзу: спортшыларымыз командалық сайыста финалға өтті

Әртістік жүзу: спортшыларымыз командалық сайыста финалға өтті

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында командалық еркін жаттығуда аруларымыз 8-орынға тұрақтады.

Команда сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова өз өнерлерін көрсетті.

Іріктеу кезеңі. 20 команда

1️⃣🇨🇳Қытай - 338.2167 ұпай
2️⃣🇪🇸Испания - 329.4288
3️⃣🇯🇵Жапония - 327.9186
8️⃣🇰🇿Қазақстан - 261.9755

Финалдар ертең 20 шілдеге жоспарланған.