Құзға өрмелеу: дәстүрлі фестиваль үздіктері марапатталды

Құзға өрмелеу: дәстүрлі фестиваль үздіктері марапатталды

Бүгін Бурабайда құзға өрмелеуден республикалық фестиваль мәресіне жетті. Екі күн бойы әуесқойлар мен кәсіпқойлар түрлі деңгейдегі бағдар бойынша бақ сынады. Марапаттау рәсімі кезінде олар көрсеткен нәтижесімен қатар, жеңіске деген жігеріне қарай ұйымдастырушылардың құрметіне бөленді.

Фестиваль номинациясының иегерлері:
Үздік ардагер:
Нұрлан Сыздықов (76 жаста)
Роман Козимирчик (62 жаста)
Мейрамхан Жәпек (53 жаста)

Ең жас қатысушы:
Злата Пименова (8 жаста)
Ильмир Салықов (12 жаста)
Эльдар Фазилов (14 жаста)

Жеңіске деген жігері үшін:
Жанар Ахметова
Егор Некрещённый

Жас дарынды қатысушы:
Сұлтан Акишев

Үздік жаттықтырушы:
Танзила Оспан (Қарағанды облысы)
Сергей Беляков (Астана қаласы)
Екатерина Комарова (Ақмола облысы)

Қиындық жаттығуында үздік команда:
1-орын: Астана қаласы
2-орын: Қарағанды облысы
3-орын: Ақмола облысы

Айта кетейік, биыл дәстүрлі іс-шараға 200-ге жуық қатысушы жиналды. Олардың басым бөлігі әуесқойлар. Олар теңіз деңгейінің 300 метр биіктіктегі «Оқжетпес» шыңына көтерілді. Фестиваль құзға өрмелеуге деген халықтың қызығушылығын арттыруға және ішкі туризмді дамытуға бағытталған.