
15 жастағы ауыр атлет Ксения Прозорова Қазақстан құрамасының қоржынына бірден 6 медаль әкелді. Оның үшеуі – алтын жүлде.
Жұлқи көтеру жаттығуында Ксения 89 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасында Азия рекордын орнатты және алтын медаль жеңіп алды.
Қос сайыс қорытындысы бойынша Прозорова жасөспірімдер арасында абсолютті чемпион атанды, U17 жас санатында күміс жүлдені иеленді.